in

Шымкентте бес қабатты үйдің бірінен өрт шықты

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында, 17-шағын ауданда бес қабатты көппәтерлі тұрғынүйдің бірінен өрт шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz  сайты Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт тұрғынүйдің бірінші қабатындағы пәтерден шыққан. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар баспалдақ арқылы 7 адамды қауіпсіз жерге эвакуациялады. Қабылданған жедел шаралардың арқасында өрттің ары қарай таралуына жол берілмеді. Өрт толықтай сөндірілді.

Төтенше жағдайлар департаменті алда-жалда т өтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалуды ескертті.