Шерхан Қалмұрзаның анасы әлеуметтік желідегі парақшасында қос ұлына қатысты жүрекжарды жазбасын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Продюсер балаларына деген махаббаты мен тәрбиедегі ұстанымдарын бөлісті.
“Ең мейірімді аға-іні. Жүректеріңе бар махаббатымды бердім. Ұлдарыма бала деп қарамаймын. Мен үшін жеке тұлға. Асыл тұқым ер азаматтар. Кеудеңде арың таза, намысың мықты болсын деген ұстаным. Өзге адам білуі қажет емес жақсы амалды. Алла көруші, бәрі өз ретімен, тек сабыр. Қалғанында ешкімнің шаруасы болмасын. Ол тәкаппарлық емес, өзгенің шекарасын нақты білу. Ниет таза болсын, жақсылар. Несібең сенен айналып өтпейді,” – деп жазды ол.