Ережесіз жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов келесі айқасын қашан өткізетінін айтты. Бұл туралы ол әлеуметтік желіде тараған видеода мәлімдеген.
Қаңтар–ақпанда оралуды жоспарлап отырмын. Қазір аң мен балық аулауға уақыт жоқ. Дайындық үстіндемін, — деді Шавкат Рахмонов.
Еске сала кетейік, Шавкат Рахмонов соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсанында Иен Гэрри қарсы өткізіп, жеңіске жеткен еді.