in

Чикагодағы наразылық кезінде шекара қызметі әйелге оқ атты

АҚШ-тың Чикаго қаласында иммиграциялық саясатқа қарсы өткен наразылық кезінде Border Patrol (шекара қызметі) қызметкерлері бір қарулы әйелге оқ атқан, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Reuters дерегінше, оқиға Brighton Park ауданында болған.

Куәгерлердің айтуынша, әйел жартылай автомат қару ұстаған, ал наразылық білдірушілер иммиграциялық агенттіктің (ICE) көліктерін қоршауға алған. Әйел ауыр жарақат алмаған, ол өздігінен ауруханаға жеткізілген.

Қақтығыстан кейін жағдайды бақылауға алу үшін АҚШ билігі Чикагоға Ұлттық гвардияның 300 сарбазын жіберді. Штат басшылығы бұл шешімді «артық шара» деп бағалады.