Черногорияның Ұлттық кітапханасында (Подгорица қ.) қазақтың ұлы ақыны, философы, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай Абай орталығының салтанатты ашылуы өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Мақсаты – Абай Құнанбайұлының шығармашылығын халықаралық деңгейде насихаттау.
Абай орталығына жүзден аса құжат табыс етілді. Олардың ішінде қазақ, орыс, ағылшын, қытай, т.б. көптеген тілге аударылған Абайдың шығармалары, қара сөздері, абайтану кітаптары, өмір жолы мен шығармашылығына қатысты құнды деректер, сонымен қатар қазақ жазушылары Әбіш Кекілбаев, Кемел Тоқаев, Таласбек Әсемқұлов секілді ұлт зиялыларының кітаптары бар. Бұл құжаттар ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығынан алынды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.