in

«Челси» жас қазақ футболшысын ертерек алдыруы мүмкін

Ағылшынның беделді TheChelseaChronicle порталы Лондонның «Челси» клубы 16 жастағы қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаевтың Англияға қоныс аударуын жеделдетуі ықтимал екенін хабарлады. Қазіргі таңда жас футболшы алматылық «Қайраттың» ойыншысы саналады.

«Челси» Сәтпаевты 4 миллион еуроға сатып алып, Қазақстан чемпионаты тарихындағы трансферлік рекордты жаңартқан еді. Бастапқы келісім бойынша Дастан 18 жасқа толған соң ғана Лондон клубына қосылуы тиіс болатын. Алайда ағылшындар жас ойыншыға еңбек рұқсаты ертерек берілсе, ол «Стэмфорд Бриджге» келесі жазды күтпей-ақ аттануы мүмкін.

Клуб бұл қадамды Эстевао Виллиан мен Андрей Сантос секілді жас жұлдыздардың жолымен байланыстырып отыр. «Челси» болашағын осындай таланттармен күшейтуді көздейді және Сәтпаев та олардың бірі болуға үмітті.