in

«Халық әртісіне ұсынған жоқ»: Бекжан Тұрыс атақ жайлы өз ойын айтты

Бекжан Тұрыс М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында 50-ден аса рөл сомдаған. «Өнердің миссиясы – ұлтқа қызмет ету» деп білетін өнер иесі өзіндік ұстанымдарымен, берік көзқарасымен, адамгершіліктің ақ жолын кесіп өтпес мінезімен қадірлі. Биыл халқының сүйіспеншілігіне бөленген актер алпыстың асуын бағындырды.

Aikyn.kz тілшісі Бекжан Тұрысты мерейтойымен құттықтап, аз-кем сұхбаттасты. 

– Театр мен кинода қатар еңбек еттіңіз. Ал қазір бұрын КВН ойна­ған немесе қалтасында ақшасы бар кез келген адам кино түсіріп жа­тыр. Олардың фильмдерін көресіз бе? Арзан әзіл көрерменге опа таптыра ма? 

– Кино өнері арқылы, теле­дидар арқылы тасқындап құйы­лып жатқан шет жұрттың рухани үрдістері қойны-қоншымызды кеулеп, төрімізде тайраңдап сал­танат құрып, өз ұрпағымызды өзімізге жат етіп бара жатқанын көргім келмейді. Бұл келеңсіздікті түзету былай тұрсын, айтқан адамның өзін «ескіні көксеуші», «артта қалған», «ұлтшыл» деген қарғыс таңбасымен күстәна­лайды. 

«Өнердің ішіндегі ең маңыз­дысы – кино» дейді Ленин. Біз қазір асыл мен жасықты өз беті­міз­бен айыра алмайтын дертке ұшырадық. Бүгінде боғауыздан тұратын кинолардың көп екені рас. Өкініштісі, сол кинода Қазақ­станға еңбек сіңірген қай­раткерлер жүр. Бізге қазір ұлтты руханиятсыздықтың дерті­нен аман сақтаудың жолдарын қарас­тыру керек.

– Сіз еліңіз үшін баяғыдан «Халық әртісісіз». Былтырдан бері бұл атақ қайта жаңғырды. «Халық әртісі» атағын ресми түрде неге бермеді, әлде сізді ұсынбады ма? 

– Жоқ, ұсынған жоқ.

 Сұхбатты  мына сілтемеден толық оқи аласыз.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз