in

Тұрсын Алагөзов жомарттығымен жұртты таңғалдырды (видео)

Кәсіпкер Тұрсын Алагөзов пен продюсер Баян Мақсатқызы қызының бір жасқа толған туған күнін атап өтті, – деп жазды Aikyn.kz.  

Дизайнер Аида Қауменова фэшн-продюсер Саят Досыбаевпен бірге Тұрсын Алагөзовтің қызына көйлек, туфли сыйлап жатқан видеоны жариялады. Кәсіпкер қонақтарын құр қол қайтармаған: қымбат сырт киім мен шапан сыйлады.

«Қазақта қонаққа бару деген – сыйлық апарып, өзің одан да күшті сыйлық алып қайту. Бір-біріміздің қуанышымызға ортақтасу – нағыз достық. Саят Досыбаев Алиса мен Алмаға екі жұп туфли әкеліп, екі пальто киіп қайтты», – деп жазды Аида Кауменова.

Желі қолданушылары Тұрсын Алагөзовтің жомарттығына сүйсініп, тілегін жазды.

          Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от АИДА КАУМЕНОВА (@aidakaumenova_official)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM   арнасынан табасыз.