Түркістан облысы, Сауран ауданының Оранғай ауылдық округіне қарасты Қоскөрген елді мекенінде Исрайловтар отбасы үшем сүйді.
38 жастағы Махру Каримова бес ұлынан кейін 20 қыркүйек күні екі қыз және бір ұлды өмірге әкелді. Үшемдер жүктіліктің 35 аптасында, жоспарлы түрде кесарь тілігі арқылы дүниеге келген.
Сәбилердің салмақтары: 1940, 2000 және 2100 грамм. Бірнеше күн дәрігерлердің бақылауында болған ана мен нәрестелердің жағдайы жақсы, олар кеше үйге шығарылды.
Қуанышты отбасы нәрестелеріне Сафия, Амир және Хадия деген есімдер қойды.
Сауран аудандық емханасының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары Л. Қодаманова арнайы барып, отбасын құттықтады. Қазір ана мен үшемдер емхананың медицина қызметкерлерінің тұрақты бақылауында.