in

Түркияда әйелін тыңшылық бағдарламамен аңдыған адам сотталды

Түркияда ер адам әйеліне үйленер алдында сыйға тартқан телефонына жасырын тыңшылық бағдарлама орнатып, оның хат-хабарларын оқып, жазбаларды әкесіне тыңдатқаны үшін сотталып, 3 жыл 4 айға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Аikyn.kz 

TRThaber хабарлауынша, сот оны “байланыс құпиясын бұзу” және “құпияны жариялау” баптары бойынша кінәлі деп таныды.

Сот шешімінде адамның жеке жазбалары мен сөйлесулерін рұқсатсыз бақылау және оны үшінші тұлғаға беру — қылмыстық әрекет екені нақты көрсетілді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз