«Қазавиақұтқару» әуе бөлімінің ұшқыштары мен санавиация дәрігерлері Атбасардан 2017 жылы туған баланы Көкшетауға шұғыл жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Баланың жағдайы дереу медициналық көмек көрсетуді қажет еткен.
Дәрігерлердің кәсібилігі, экипаждың ұқыпты жұмысы және борттың техникалық дайындығының арқасында пациент тар мамандардың білікті медициналық көмегін алу үшін облыс орталығына аман-есен жеткізілді, – деп жазылған ТЖМ хабарламасында