Қараталдық қариялар референдумда дауыс беруде белсенділік танытып, кейінгілерге үлгі көрсетуде. Таң ата салысымен сайлау учаскелеріне ағылған жұртшылық арасында жасы үлкендер көп. Солардың бірі Қаражиде ауылының тұрғыны, 88 жастағы тыл ардагері Жансерік Ахметов Елтай орта мектебіндегі №153 участокқа барып, референдумға дауыс берді.
– Мұндай ресми шара ел болашағы үшін аса маңызды. Халықпен санасып, қарапайым жұрттың үніне құлақ асып, жүйелі жұмыс жүргізіп жатқан ел басшыларына алғыс айтып, әр істеріне береке тілеймін. Ең бастысы – заманымыз тыныш болсын! Біз көрген қиындық пен ауыртпалықты тәуелсіз елімнің жас ұрпағы көрмесін. Жас та, жасамыс та осы қасиетті жеріміздің, азат еліміздің гүлденуіне, көркеюіне атсалысайық, – дейді тыл ардагері.
Жетісу облысы