Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов Oktagon 89 аралас жекпе-жек турнирінде өнер көрсетті. Жарыс Словакияның Братислава қаласында өтті.
Жұмағұлов лиганың жеңіл салмақтағы чемпионы, бразилиялық Игор Севериномен титулдық жекпе-жек өткізді. Бес раундқа жоспарланған кездесу нәтижесіз деп танылды.
Екінші раундта Северино Жұмағұловтың белден төмен жеріне тыйым салынған соққы жасады. Осыдан кейін қазақстандық спортшы қалпына келе алмай, жекпе-жекті жалғастыра алмады.
Осылайша Oktagon лигасында қос чемпион атанатын спортшы анықталған жоқ. Игор Северино жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуін сақтап қалды. Ал Жалғас Жұмағұлов аса жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеудің иегері болып қала береді.