in

Туристік іс-шаралар күнтізбесі: Сәуір айында қай өңірлерге барған дұрыс?

Бұл айда Қазақстан отандық және шетелдік туристерді кітап, қолөнер және технология әлемін біріктіретін жарқын оқиғалармен қарсы алады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

22–26 сәуір күндері Астанада Eurasian Book Fair халықаралық кітап көрмесі өтеді. Көрме аясында жаңа кітаптардың таныстырылымы, авторлармен кездесулер және білім беру сессиялары ұйымдастырылады.
23–24 сәуірде Жамбыл облысында «Тараз – қолөнершілер қаласы» этномәдени фестивалі ұйымдастырылады. Қонақтар қолөнер көшесін аралап, шеберлік сабақтарына қатысып, халық шеберлерінің бірегей туындыларымен таныса алады.
26 сәуірде Қостанай облысында алғаш рет TechTrail Qostanai отбасылық техно-фестивалі өткізіледі. Бағдарламаға инженерлік квесттер, интерактивті зертханалар және өндіріс орындарына экскурсиялар енген.

Еске сала кетейік, биыл ел бойынша 55 ірі мәдени-туристік іс-шара жоспарланған.

Сапарыңызды алдын ала жоспарлап, өзіңізге қызықты іс-шараны таңдаңыз.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.