in

Трамп Медведевтің мәлімдемелеріне жауап ретінде атомдық сүңгуір қайықтарды орналастырды

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейдің бұрынғы президенті, қазіргі Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевтің мәлімдемелеріне жауап ретінде екі атомдық сүңгуір қайықты «тиісті аймақтарға» жіберуге пәрмен бергенін айтты.

«Қазір ол Ресей Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары. Айтылған сөздің салмағы бар және ол күтпеген салдарға әкелуі мүмкін. Мен бұл жолы олай болмайды деп үміттенемін. Назар аударғандарыңызға рақмет!» – деп жазды Трамп Truth Social желісінде.

 

Президенттің айтуынша, мұндай қадам Медведевтің «ақымақ әрі арандатушылық» сөздері шын қауіпке айналған жағдайда АҚШ-тың дайын екенін көрсетеді.