in

«Тобыл» 2025 жылғы Қазақстан Кубогының иегері атанды

«Қызылорда Арена» жаңа стадионында өткен финалда қостанайлық «Тобыл» Шымкенттің «Ордабасы» клубын 2:0 есебімен жеңіп, Қазақстан Кубогын жеңіп алды. Матчты Швейцариядан келген төрешілер бригадасы басқарды.

Бұл «Тобылдың» Кубок финалындағы бесінші ойыны және үшінші жеңісі. Бұған дейін команда 2007 және 2023 жылдары да трофейді иеленген.

Бұл жеңістің арқасында «Тобыл» келесі маусымда Еуропа Лигасына жолдама алды. Ал Қазақстан Премьер-лигасында төртінші орын енді Конференциялар лигасына мүмкіндік береді. Қазіргі таңда бұл орын үшін 42 ұпаймен «Актобе» мен «Елімай» таласып келеді.