in

ТЖМ өрт сөндірушілері 13 адамды эвакуациялады

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында Володарский көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйлердің бірінде екінші қабаттағы пәтерден өрт шықты, – деп хабарлайды Аikyn.kz

ТЖМ мәліметінше, өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде баспалдақ арқылы 13 тұрғын эвакуацияланды.

– Өрт 9 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, – деп жазылған хабарламада

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз