in

Талдықорғанда микроавтобус пен жүк көлігі соқтығысты

Талдықорған қаласында Алматы–Өскемен автожолының 277-шақырымында микроавтобус пен жүк автокөлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz 

Оқиға орнына ТЖМ Жедел-құтқару жасағының күштері шұғыл түрде жетіп, жол-көлік оқиғасының салдарынан көлікте қысылып қалған адамды гидравликалық авариялық-құтқару құралдарының көмегімен шығарып алды. Ер адам жедел медициналық жәрдем бригадасының қызметкерлеріне тапсырылды, – деп жазылған ресми хабарламада