in

Сынап бағаны 40-44 градусқа дейін барады: 16 мамырдағы ауа райы болжамы

Синоптиктер алдағы жұма, 16 мамырдағы ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

“Қазгидромет” РМК мәліметі бойынша, оңтүстік циклонның және соған байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде ауа райы құбылмалы болады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ түседі, жел күшейеді, еліміздің оңтүстік-батысында нөсер жаңбыр болады. Еліміздің қалған аумағында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында тұман болады.

Маңғыстау, Қарағанды, Ұлытау облыстарында, Жетісу облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, орталығында, Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында, Алматы өңірінің солтүстігінде, батысында, Атырау облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының батысында, Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, СҚО, ШҚО, Қостанай облыстарының оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында орталығында өрт қаупі жоғары болады.

Қызылорда, Түркістан облыстарында, Павлодар өңірінің оңтүстік-шығысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, Маңғыстау өңірінің солтүстік-шығысында, Ұлытау облысының орталығында, Жамбыл облысының батысында, шығысында, орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Жетісу өңірінің солтүстік-батысында, шығысында, Алматы облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Күндіз Алматы, Қарағанды, Жетісу, Ұлытау, Абай облыстарында, Павлодар облысының оңтүстігінде 35-37 градус қатты ыстық болады. Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстарында сынап бағаны 40-44 градусқа дейін баруы мүмкін.

Күндіз Қарағанды, Ұлытау, Абай облыстарында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында 40 градус қатты ыстық болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.