in

Стартаптардан цифрлық алпауыттарға дейін: Digital Bridge 2025 форумына кім қатысады?

2–4 қазан аралығында Астанада өтетін Digital Bridge 2025 халықаралық форумында Startup Alley стартаптар аллеясы мен IT-компаниялар көрмесі басты назарда болады. Мұнда өңірдің батыл стартаптардан бастап сала көшбасшыларының жетілген цифрлық өнімдеріне дейінгі ең үздік технологиялық шешімдері ұсынылады.

Қатысушылар әлемдік аудиторияға, венчурлік инвесторларға, корпорацияларға және түрлі елдердің сарапшыларына тікелей шығу мүмкіндігіне ие болады.

Startup Alley-ге қатысу IT-кәсіпкерлерге жобаларды халықаралық аудиторияға таныстырып, венчурлік инвесторлармен кездесулер өткізуге, серіктестік орнатуға және сала көшбасшыларымен тәжірибе алмасуға мүмкіндіктер ашады.

Аталған іс-шараға AI, финтех, EdTech, GovTech, Big Data, AR/VR, тұрақты даму, экотехнологиялар және киберқауіпсіздік бағыттарындағы жобалар қатыса алады. Өтінімдер 2025 жылғы 15 қыркүйекке дейін форумның ресми сайтында қабылданады.

Startup Alley-ге қатысудың артықшылықтары:

 • жобаларды ең ірі индустриялық аудиторияға таныстыру;

 • инвестиция тарту және халықаралық байланыстар орнату мүмкіндігі;

 • сарапшылармен, венчурлік қорлармен және БАҚ өкілдерімен ашық диалог орнату;

 • цифрлық технологиялар саласындағы білім мен тәжірибе алмасу.

  Форум күндері Startup Alley-мен қатар, IT-компаниялар көрмесі өтеді. Мұнда цифрлық сектордың жетекші ойыншылары жасанды интеллект, бұлтты технологиялар, финтех және әлемдік технологиялық трендтерді қалыптастыратын басқа да бағыттардағы өзекті өнімдері мен шешімдерін ұсынады.

Digital Bridge 2025 – Орталық Еуразиядағы ең ірі халықаралық технологиялық форум. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, әлемдік компаниялардың көшбасшылары, халықаралық және отандық сарапшылар, сондай-ақ өңірдің венчурлік инвесторлары дәстүрлі түрде қатысады.

Форум құрылған сәттен бастап инновациялық экожүйені дамытуға арналған стратегиялық алаңға айналды: оған 67 мыңнан астам қатысушы,  мыңнан астам спикер және 550-ден астам мемлекеттік құрылым мен халықаралық ұйым өкілдері қатысты. 500-ден астам стартап өз шешімдерін ұсынды, ал шамамен 500 инвестор іс-шараның іскерлік бағдарламасына қатысты.

Форумды Astana Hub халықаралық инновациялық кластері Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және Астана қаласының әкімдігімен бірлесе ұйымдастырады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.