in

Спорттық гимнастикадан Қазақстан чемпионаты басталды

Алматы қаласында спорттық гимнастикадан Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Аталмыш біріншілікке 9 өңірден 102-ден астам үздік атлет қатысып, ел чемпионы атануға таласады. Алғашқы жарыс күні көпсайыстан іріктеу бәсекелері өтуде.

Чемпионат қорытындысы бойынша Ұлттық құрама жасақталып, спортшыларымыз алдағы халықаралық додаларда Қазақстан намысын қорғайтын болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.