in

«Сағындық…»: Тұрсынбек Қабатов жантебірентер жазба жариялады

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатов әлеуметтік желідегі парақшасында марқұм әкесін еске алды, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол әкесінің туған күнінде жантебірентер жазба жариялап, сағынышын жеткізді. Әкесі көзі тірі болса, 72 жасқа толар еді.

«Әкем болмысы бөлек, терең жан еді. Көп сөз айтпай-ақ, бір қас қабағымен көп нәрсені ұғындыратын. Кітаппен дос, ойы биік, сөзі салмақты адам болды. Әке – асқар тау. Жаныңыз жәннатта болсын. Сағындық», – деп жазды ол.

Желі қолданушылары көңіл айтып, адам өмірінде әкенің орны бөлек екенін жеткізді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.