27 мамыр күні кешкі уақытта Сағыз ауылынан үш азамат әртүрлі дене жарақаттарымен Мақат аудандық ауруханасына жеткізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты atpress.kz сайтына сілтеме жасап.
Оның ішінде бір науқас жедел түрде санавиация қызметі арқылы облыстық ауруханаға әкелінді. Медицина қызметкерлерінің жедел әрекетінің нәтижесінде тиісті алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Жарақат алғандарға шокқа қарсы және қан тоқтатушы терапиялар, ауырсынуды басу шаралары жүргізілді. Сонымен қатар, оттегімен емдеу және инфузиялық терапия тағайындалды.
Қазіргі уақытта азаматтар облыстық аурухана дәрігерлердің бақылауында. Қажетті ем-шаралар болып жатыр. Оқиғаның мән-жайы бойынша құқық қорғау органдары тиісті тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Мәселенің мән-жайын біз облыстық Полиция департаментінен сұрап көрдік.
“Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталатын болады. Қазіргі уақытта қақтығысқа қатысқандарды анықтау және ұстау бойынша кешенді шаралар қабылданып жатыр. Тергеу департамент басшылығының бақылауында”, – дейді департаменттің баспасөз қызметінің мамандары.