in

Саяхатқа шықпас бұрын қандай құжаттарды тексеру керегін білесіз бе?

Күн жылынып, балалардың жазғы демалысы басталды. Соған сай ата-аналар отбасылық демалысты ұйымдастыруды қолға алуда. Оның үстіне, демалуға баратын елдің қатары да өте көп. Десе де, қауіпсіз әрі жайлы сапарға аттану үшін сенімді туристік агенттіктің көмегіне жүгіну керек. Сондықтан туристік агенттіктің тек Іnstagram парақшасына мән беріп, ресми құжатын мұқият тексерген жөн.  

Алдымен қандайда тур сатып алмас бұрын оның  заңды екеніне көз жеткізіңіз. Турагент компаниясы мемлекеттік электронды тізімге енуі керек. Бұл туристік агенттіктің ресми түрде қызмет көрсететінін растайды. Қызмет көрсету туралы шартқа қол қою үшін бірнеше мәліметті тексерген жөн.

Турагент құжатқа:

баратын ел мен сапар мерзімін;

турдың толық құны мен төлем тәртібін;

турдан бас тарту талаптарын;

екі тараптың жауапкершілігін;

қаражатты қайтару шарттарын нақты жазуға тиіс.

Тек ресми төлем жасауы керек

Қаржы құжатына ерекше назар аудару қажет. Төлем жасағаннан кейін міндетті түрде фискалды түбіртек алыңыз. Қаражатты сату менеджерінің жеке шотына аудармаған дұрыс. Тек ресми төлем жасаңыз. Содан соң турагент туриске сапарға қажет құжаттарды ұсынуға міндетті.

Турагент туриске:

қонақүй;

тамақтану;

трансфер туралы мәлімет көрсетілген ваучер;

әуе билеттері немесе маршрут түбіртектері;

сақтандыру полисі мен туристердің құқығын қорғау үшін туркод береді.

Туризм және спорт министрлігі сапар кезінде төтенше жағдайға тап болған туристерге «Туриске қамқор» жедел желісіне дереу хабарласу керек екенін ескертті. Жедел желі нөмірі: +7 700 112 2 112.