in

Сапа стандарты қатаңдайды

Кеңес Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіровтің басшылығымен өтті. Оған қорғаныс ведомствосы­ның және отандық жеңіл өнеркәсіп кәсіпорын­дарының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында әскери қызметшілерді киім-кешектің түрлерінің жаңа үлгілерімен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінді. Қорғаныс министрлігі қолданылатын материалдардың сапасына, тігін бұйымдарына және киімді пай­далану сипаттамаларына жоғары талаптар қояты­ны атап өтілді.

«Алдымен жеткізілетін киім-кешектің сапасы жақсы болуы керек. Әскери қызметшілердің жауынгерлік дайындығы мен моральдық жағдайы форманың қаншалықты ыңғайлы, сенімді және функционалды болуына тікелей байланысты. Біз өндірушілерден барлық стандарттың сақталуын, сапалы материалдарды пайдалануды және зама­науи технологияларды енгізуді күтеміз», – деп атап өтті генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров.

Диалог ашық форматта өтті: тараптар техно­логиялық процестерді жетілдіру, заманауи ше­шім­дерді енгізу және сапа стандарттарын арттыру мәселелері төңірегінде пікір алмасты. Жаңа, соның ішінде өндірісті жаңғыртатын алдыңғы қатарлы технологияларды енгізетін зауыттар жақсы жағынан атап өтілді.

Жақсы үлгілерін көрсетсе де, бірқатар кәсіп­ор­ын әлі күнге дейін ескірген жабдықты пайда­ланады, ал конструкторлық бюролардың жұмысы күшейтуді қажет етеді.

Сонымен қатар мемлекет тарапынан қолдауға қарамастан, импорттық материалдарға тәуелділік сақталатыны атап өтілді. Қазіргі заманғы талап­тарға сәйкес келетін маталар, былғары, фур­ни­тура­лар мен материалдың астарына пайда­лана­тын отандық өндіріс дамымаған.

Кездесу барысында Тылдық қамтамасыз ету бас басқармасы бастығының орынбасары полков­ник Әсет Оразалин сөз сөйледі. Ол жет­кізілетін өнімнің сапасына талдау жасап, соңғы бір жарым жылда киім-кешек пен аяқкиімнің сапасыз үлгілері анықталғанын атап өтті.  Офицердің айтуынша, тек 2024-2025 жылдар аралығында 1200-ден астам жазғы және қысқы етік ауыстырыл­ды, олар талап­тарға сай келмейді немесе зауыттық ақаудан деді.  

Сапаны арттыру үшін Қарулы Күштердің Тыл мамандары далалық киім-кешектерді, ішкиім­дерді, шұлықтарды, аяқкиімдерді, жабдық­тарды және басқа да керек-жарақтарды қамтитын техникалық ерекшеліктерге өзгерістер енгізді.

Кеңес соңында Қорғаныс министрінің орынбасары ашық форматта өткізілетін кездесулер ойталқыларға, пікір алмасуға тиімді алаң ретінде қызмет ететінін және оң пікірлер айтылатынын атап өтті. Мұның бәрі әскери қызметшілерге ар­нал­ған киім-кешектермен қоса өндірілетін өнім­нің сапасын жақсарту бойынша жүйелі жұмысты жолға қоюға арналған.