Қостанай облысының Рудный қаласында пәтерлердің бірінен 56 жастағы ер адамның мәйіті табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Марқұмның денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталған.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ құқық қорғау органдары қылмысқа қатысы болуы мүмкін күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстау бағытында қажетті жедел іздестіру шараларын қолға алған.
Полиция тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат әзірге жария етілмейтінін мәлімдеді.