Украина президенті Владимир Зеленский соңғы екі күнде АҚШ президенті Дональд Трамппен екі мәрте телефон арқылы сөйлескенін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Хабарласудың басты тақырыбы — Украинаның қорғаныс қабілетін арттыру, соның ішінде әуе қорғанысы мен ұзақ қашықтықтағы қару-жарақ жүйелерін күшейту болған.
Ресей америкалықтардың бізге “Томагавк” беруі мүмкін екенін естіп, алаңдап отыр. Дәл осындай қысым ғана бейбітшілікке жол аша алады, — деді Зеленский.
Сондай-ақ ол Франция президенті Эммануэль Макронмен сөйлескенін айтып, Украинаға әуе қорғаныс құралдарын тездетіп жеткізуге уағдаласқанын жеткізді.