in

Отандық SCAT Airlines 2026 жылы көктемде Латвияға ұша бастайды

Форум барысында екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту  мәселесі екіжақты қаралды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақстан мен Латвия арасындағы көліктің барлық салаларындағы ынтымақтастықтың оң динамикасы атап өтілді. Мәселен, Қазақстаннан жүктерді Латвияның Рига, Вентспилс және Лиепа порттары арқылы транзитпен экспорттау Орталық Азия мен Еуропа арасындағы логистикалық желіде шешуші рөл атқарады.

Әуе қатынасын кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды. 2026 жылдың көктемінде SCAT Airlines Қазақстан мен Латвия арасында тікелей рейс ашатыны белгілі болды. Бұл қадам жолаушылар тасымалын жеңілдетеді, іскерлік және мәдени байланыстарды нығайтады, жобаларды жүзеге асыруды жеделдетеді, туризм мен бизнесті дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Тараптар сондай-ақ жүк тасымалы өсімінің дәлелі ретінде теміржол ынтымақтастығының жоғары әлеуетіне тоқталып, тікелей әуе қатынасы екіжақты қарым-қатынастарды нығайтудағы маңызды қадам болатынына сенім білдірді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.