in

«Оны кешірдім бе, білмеймін»: Баян Мақсатқызы бұрынғы күйеуі туралы пікір білдірді

Продюсер Баян Мақсатқызы бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаевпен қазір араласпайтынын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.  

Алайда балалары әкесімен кездесіп тұрады екен. Продюсер «Оны кешірдің бе?» деген сұраққа жауап беру оңай емес екенін жасырмады. Бірақ ренішпен өмір сүрмейтінін, бақыт тілейтінін атап өтті.

«Ондай керемет әкені көрген емеспін. Бәрі жақсы. Немересіне маған қарағанда көбірек барып тұрады. Немересі оны «ата» деп атайды. Қызымның айтуынша, сыйлықтарын, жеміс-жидектерін алып, барып тұрады екен. Кешіруге қатысты ешнәрсе айта алмаймын. Маған өте қиын болды. Бізде ажырасу интеллигентті түрде болса, басқаша болар ма еді. Оны толық кешіргенім немесе кешірмегенім туралы нақты ешнәрсе айта алмаймын. Ол сұрақтың жауабын өзім де әлі күнге дейін білмеймін. Ол туралы тіпті ойламаймын. Мен ренішпен өмір сүрмеймін. Бәріне шын жүрегіммен тек бақыт тілеймін! Адам өзі бақытты болса, бәріне бақыт тілейді» –  деді продюсер.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.