in

Нөсер жаңбыр жауып, тұман түсуі мүмкін – «Қазгидромет»

Қазақстан Республикасы бойынша 2026 жылдың 10-11 ақпанда күтілетін апатты және қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алдағы күндері Қазақстан аумағында келесі қауіпті метеорологиялық құбылыстар  күтіледі:

елдің шығысында, оңтүстігінде және орталығында екпіні 30 м/с және одан да жоғары болатын өте қауіпті дауылды жел күтіледі;

республикамыздың оңтүстігінен басқа барлық дерлік аймақтарында қатты жауын-шашын, боран мен көктайғақты қамтитын қолайсыз ауа райы болады;

оңтүстік өңірлерде нөсер жаңбыр жауып, тұман түсуі мүмкін.

Дауылды ескертулер сақталады: 

10-11 ақпанда Абай облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

10-11 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

10 ақпанда Түркістан облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, тау бөктерінде кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі, 11 ақпанда түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, тау асуларында кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с.

10-11 ақпанда Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында солтүстік-шығыстан ауыспалы жел соғады, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

10-11 ақпанда Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с.

 Дауылды ескертулер күтіледі:

10 ақпанда Ақмола облысында жауын-шашын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 25 м/с.

Астана қ.: 10 ақпанда кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Күндіз жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с.

Көкшетау қ.: 10 ақпанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

10 ақпанда түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында қатты жаңбыр, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Шымкент қ.: 10 ақпанда түнде және таңертең қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Түркістан қ.: 10 ақпанда түнде және таңертең қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20 м/с.                                                                         

10 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ, облысының оңтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар). Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 25 м/с күтіледі.

Петропавл қ.: 10 ақпанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі.

10 ақпанда түнде Жамбыл облысынның таулы аудандарында қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі.

Тараз қ.: 10 ақпанда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі.

10 ақпанда Қызылорда облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде облыстың оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с.

Қызылорда қ: 10 ақпанда кей уақытта тұман, түнде көктайғақ күтіледі.

10 ақпанда Ұлытау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20, облыстың шығысында кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с.

Жезқазған қ.: 10 ақпанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.

10 ақпанда Қарағанды облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.

Қарағанды қ.: 10 ақпанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.

10 ақпанда түнде Қостанай облысында қар, жаяу бұрқасын, күндіз жауын-шашын (көбінесе қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 25 м/с.

10 ақпанда Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын. Түнде және таңертең облыстың солтүстінде, батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с.

Атырау қ.: 10 ақпанда түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

10 ақпанда Маңғыстау облысында қар, көктайғақ, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын  күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында  тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз  облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.  

Ақтау қ.: 10 ақпанда қар, көктайғақ, күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. 

10 ақпанда Ақтөбе облысында жауын-шашын (көбінесе қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе қ.: 10 ақпанда көктайғақ, күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. 

10 ақпанда Павлодар облысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), бұрқасын, көктайғақ. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, батысында, оңтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с.

Павлодар қ.: 10 ақпанда таңертең және күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

10 ақпанда түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Өскемен қ.: 10 ақпанда таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

10 ақпанда түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Семей қ.: 10 ақпанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

10 ақпанда түнде Батыс Қазақстан облысында қар, бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Орал қ.: 10 ақпанда түнде қар, бұрқасын күтіледі.

10 ақпанда  Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыс бағыттан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 17-22 м/с.

Алматы қ.: 10 ақпанда түнде және таңертең кей уақытта тұман күтіледі.

Қонаев қ.: 10 ақпанда оңтүстік-шығыс бағыттан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады кей уақытта екпіні 17-22 м/с. 

10 ақпанда Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың батысында, орталығында, таулы аудандарында көктайғақ.