in

Нұрқожа Қайпанов Астанадағы әлем чемпионатында финалға шықты

Қазақстандық балуан Нұрқожа Қайпанов Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатының жартылай финалында жеңіске жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Еркін күрестен 74 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз жартылай финалда Жапония өкілі Йошиносукэ Аоягимен кездесті.

Нәтижесінде қазақстандық еркін күрес шебері қарсыласын 3:1 есебімен жеңді.

Осылайша, Нұрқожа Қайпанов әлем чемпионатының финалына шықты. Алтын медаль үшін өтетін белдесуде оның қарсыласы ресейлік Иналбек Шериев болмақ.

Финалдық белдесу ертең, 1 қарашада өтеді. Айта кетейік, бұл Қазақстан құрамасы үшін биылғы әлем біріншілігіндегі алғашқы финал.