Актер Сәбит Әбдіхалықов отбасы, балалары туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі немересі ең бірінші ата деген сөзді айтқанын жеткізді.
«Немеремнің тілі «ата» деп шықты. Ұлым мен келінім үйге жиі келіп тұрады. Менің балаларыммен ойнайды. Бәрі бауыр ғой. Кішкентай қызым бар. Немерем қызыма қарайды», – дейді актер.
Актердің тұңғыш ұлы Асылжан әкесімен жақсы араласып тұрады екен.
«Анам Астанада, шетелде жүреді. Әкем екеуіміз бір-бірімізге жақын тұрамыз, үйімізге барып тұрамыз. Менің қызым әзірге жалғыз бала. Әкемде үш бала. Ойнасын деп үйіне апарып тұрамыз», – дейді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Жетінші арна | 7 канал (@tv7_kz)
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.