in

Наталья Богданова әлем біріншілігінің алтын медалін жеңіп алды

Наталья Богданова әлем біріншілігінің алтын медалін жеңіп алды, – деп хабарлайды Аikyn.kz

Финалда Наталья австралиялық Лекеиша Перголитиді жеңді. Богданова алғашқы раундта-ақ 5:0 есебімен басымдыққа шықса, екінші раундта артықшылығы 4:1 болды.

26 жастағы Богданова мансабындағы ең ірі жетістігіне қол жеткізді. Бұған дейін Петропавл тумасы IBA нұсқасы бойынша 2025 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері және 2022 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанған еді.