Қазақстандық боксшы Наталья Богданова (ЧМ-2025) шешуші жекпе-жекке жолдама алды, – деп хабарлайды Аikyn.kz
Жартылай финалда ол Англия өкілі Шантель Ридпен тартысты кездесуде күш сынасты. Алғашқы раундта төрешілер жеңісті 3:2 есебімен Ридке берді. Екінші раунд дәл сондай есеппен (3:2) Богданованың пайдасына шешілді. Үшінші раундта да қазақстандық басым түсті – 3:2.
Жалпы есеп бойынша барлық төрешілер бірауыздан 29:28 есебін тіркеді.
26 жастағы Богданова бұған дейін IBA нұсқасы бойынша әлем чемпионатының қола жүлдесін және 2022 жылғы Азия ойындарының қола медалін иеленген.
Финалда Богданова Австралия боксшысы Лекеиша Перголитимен кездеседі. Ол жартылай финалда өзбекстандық Азиза Зокировадан айқын басымдықпен – 5:0 есебімен басым түсті.