Синоптиктер еліміздегі синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарына болжамын жариялады , – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктер дің болжамы бойынша, 2 мамыр, ж ұма күні елдің басым бөлігіне атмосфералық фронттар әсер етеді.
Осыған байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Түнде оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), Қазақстанның батысы мен оңтүстік-шығысында бұршақ жауады. Тек Қазақстанның оңтүстік-батысында және солтүстік-батысында ауа райы құрғақ болады .
Республика бойынша жел күшейеді, батыста және оңтүстік-шығыста шаңды дауыл соғады. Еліміздің солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі.
Қостанайдың шығысында, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстігі мен шығысында, сондай-ақ Абай облысының солтүстігі мен орталығында 1-3 градус аяз болады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, Ұлытау облысында, сондай-ақ Ақмола облысының батысында топырақ бетінде 1-2 градус аяз болады.
Ж оғары өрт қаупі:
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.