in

Найзағай ойнайды, дауыл болады: 6 тамызға арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет 6 тамыз күні еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің солтүстік, шығыс және батыс өңірлерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, қатты жел тұрып, кей жерлерде дауыл болады.

Ал оңтүстік пен батыс облыстарында күн қатты ысиды, сынап бағанасы 38-40 градусқа дейін көтерілмек.

Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта найзағай ойнайды. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысының таулы аудандарында күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай жарқылдайды. Түнде облыстың батысында тұман болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Петропавл қаласында 6 тамызда түнде найзағай ойнайды.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, дауыл болады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с. Облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодарда 6 тамызда түнде қатты жаңбыр, дауыл болады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел солтүстік-батыстан ауысады 15-20 м/с.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, бұршақ, дауыл болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 25 м/с.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында шаңды дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында 15-20 м/с. Күндіз 38-40 градус қатты ыстық болады. Облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтау қаласында 6 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың шығысында күші 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік жартысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында 6 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында шаңды дауыл болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-39 градус қатты ыстық болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың батысында жоғары өрт қаупі бар. Атырауда күндіз 36-38 градус қатты ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық болады. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі бар, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15 м/с.

Абай облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде күннің екінші жартысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 17-22 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

Астанада найзағай ойнайды. Оңтүстік батыстан соғатын жел солтүстік шығысқа ауысады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл болады. Солтүстік, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда таңертең және күндіз найзағай ойнайды.

Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. 

Түркістанда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM   арнасынан табасыз.