in

Мөлдір Әуелбекова: «Жігіт намазда екен, қиянат жасамайды» деген сеніммен тұрмысқа шықпаңыздар

Әнші Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желіде оқырмандарының сұрағына жауап берді, – деп жазды Аikyn.kz.

Өнер иесі жар таңдауда қателеспеу керек екенін айтып, қыздарға кеңес берді. 

«Жігіт намазда екен, қиянат жасамайды» деген сеніммен тұрмысқа шықпаңыздар. Мен екінші рет тұрмысқа солай асығыс шықтым. Бірақ некеден кейін ғана, «намаз» көрсеткіш емес екенін түсіндім. Оған дейін, «Намаздағы ер Алланың аманатына қиянат жасауы мүмкін емес» деп ойладым. Бірақ өкінішке қарай, сол адамнан көп зардап шектім. Асықпаңыздар! Жар таңдауда қателеспеңіздер», – деп жазды әнші. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.