in

Мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысы көтерілуі мүмкін

Үкімет халықтың табысын арттыруға бағытталған жаңа бағдарламаны әзірлеп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Құжат аясында азаматтық қызметшілердің, соның ішінде мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысын көтеру мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Амрин мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазіргі таңда бағдарлама мемлекеттік органдармен келісу кезеңінен өтіп жатыр әрі мамыр айында көпшілікке таныстырылады.

«Үкімет халық табысын арттыру бағдарламасын жаңартып жатыр. Оның ішінде түрлі қолдау шаралары бар, соның ішінде жалақыны арттыру да қарастырылған. Бұл азаматтық қызметшілерге — мұғалімдерге, дәрігерлерге және басқа да санаттарға қатысты», – деді вице-министр.

Бірақ жалақы өсімінің нақты көлемі ел бюджетін қалыптастыру барысына байланысты болмақ. Қазіргі уақытта келесі жылға арналған бюджет жобасы әзірленіп жатыр.

«Барлығы бюджет мүмкіндігіне байланысты. Бұл мәселе бағдарламамен бірге қаралады», – деп нақтылады Азамат Амрин.