in

«Миым да, жүрегім де тоқтап қалғандай…»: Айнұр Тұрсынбаева басынан қиын жағдай өткенін айтты

Айтыскер ақын, психолог Айнұр Тұрсынбаева әлеуметтік желідегі парақшасында басынан қиын жағдайды өткергенін айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Айнұр Тұрсынбаева анасы сырқаттанып қалғанын жеткізді. Ол анасын аман алып қалған дәрігерлерге алғыс білдірді.

“Соңғы 3 күн өте ауыр өтті. Миым да, жүрегім де тоқтап қалғандай болып еді, бәрі артта қалған сияқты. Аллаға шүкір! Дәрігерге алғысымыз шексіз! Анамыз бір өлімнен аман қалды! Алла жақындарымызды аман қылсын!” – деп жазды ол. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.