in

Михаил Шайдоров Денис Тен мемориалында жеңіске жетті

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Алматыда өтіп жатқан Денис Тен мемориалында қысқа бағдарламада бірінші орын алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

ҚР ҰОК мәліметінше, әлем чемпионатының күміс жүлдегері 95.01 ұпай жинап, жарыстың аралық көшбасшысы атанды.

Екінші орынды Грузия спортшысы Ника Егадзе иеленді – 87.58 ұпай. АҚШ өкілі Джейсон Браун 86.61 ұпаймен үшінші нәтижені көрсетті.

Қазақстандықтар арасынан Диас Жиренбаев жетінші орынға табан тіреді (77.14), Никита Кривошеев – 16-шы (59.33), Олег Мельников – 17-ші орынға жайғасты (54.19).

Айта кетейік, еркін бағдарлама 4 қазанда өтеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.