in

Мейіржан Қанатбекұлы, ШҚО, Күршім ауданының әкімі: Күршімнің келешегі көркем

Ауыл инфрақұрылымын дамыту, халықтың тұрмыс сапасын арттыру, жұмыспен қамту, сапалы білім мен медициналық қызметке қолжетімділікті қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың бағыты болып қала бер­мек. Осындай мақсатты жұмыстардың жарқын кө­рінісі ретінде Шығыс Қазақстан облысындағы Күр­шім ауданын айтар едік. Соңғы жылдары аудан­ның әлеуметтік-экономикалық ахуалы өзгеріп, жаңа даму кезеңіне аяқ басқанын байқауға болады. Әлбетте, облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов ауданның дамуын ұдайы қадағалап отыр. Сонымен бірге жергілікті әкімдік пен аудан жұртшылығының бір­лесе атқарған жүйелі жұмысының нәтижесінде елеу­лі жетістіктерге қол жеткізді. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік салалары серпінді да­мып, инфрақұрылым жаңартылып, әлеуметтік қолдау жандана түсті. 

Осыған орай ауданның әлеу­мет­тік-экономикалық ахуалы, ау­дан орталығынан шалғай жатқан Ма­ралды ауылының тыныс-тір­ші­лі­гі жайлы Күршім ауданының әкі­мі Мейіржан Қанатбекұлымен сұх­баттастық. Сұхбат барысында ау­данның тыныс-тіршілігі, тұрғын­дар­дың өзекті мәселелері, әкім­дік­тің нақ­ты қадамдары және даму ба­ғыт­тары жан-жақты тілге тиек етіл­мек.

– Күршім ауданының әлеумет­тік-экономикалық дамуына тоқтала кетсеңіз? 

– Күршім ауданында 21 елді ме­кен, 7 ауылдық округ бар. Ауданда 13,9 мың тұрғын тұрады. Өнеркәсіп өні­мінің көлемі 3,1 млрд теңгені құ­ра­са, оның ішінде тау-кен өнер­кә­сібі 213,1 млн теңге, өңдеу өнер­кә­сібі 2,5 млрд теңгені құрады. Өнер­кәсіп өндірісінің басым кіріс бө­лігін «Төретоғам», «Визол ГРК» ЖШС кіргізіп отыр. Ауданда 46 мың мал басы болса, оның 26,6 мы­ңы сиыр, 105,9 мыңы қой-ешкі, 23,7 мың жылқы басы бар.

Негізінен, аудан мал шаруа­шы­лы­ғымен ғана емес, балық, егін жә­не қазба кен байлығымен де ай­на­лысады. Соңғы жылдары ауыл шаруашылығына деген бетбұрыс жаңа сипат ала бастады. Несібесін осы саладан терген аудан еңбек­кер­лері мал түлігін арттырып, егін­ші­лік ырысын молайтуға да көңіл бө­ліп отыр. Шаруалар түрлі мем­ле­кет­тік қолдауларды тиімді пай­да­ла­нып, өз шаруашылықтарын да­мыта түсуде. Мысалы, аудан тұр­­­­ғындары «Ауыл аманаты» жеңіл­детілген несиесіне 11 жоба өтіп, 82,5 млн тең­генің қаражатына  қол жеткізіп, кәсіптерін дөңгелете түсуде. Сон­дай-ақ «Кең дала» бағдар­лама­сы­мен аудан шаруалары 26,6 млн тең­генің қаржысын алды. Сонымен қа­тар биылғы жылы Маралды ауыл­дық округінде егістік алқап­та­рын игеру үшін 750 гектар рапс егіл­ді. Бұл да ауданның егістік шар­уа­шылығына жаңа тыныс береді деген сенімдеміз. 

– Аудан орталығынан шалғай жат­қан Маралды ауылының қысқа­ша тарихын баяндап өтсеңіз? 

– Тарихқа шегініс жасасақ, 19 ға­сырдың аяғына қарай ауылға ал­тын өндіретіндер келе бастаған. Ма­ралды маңайында кен орын­да­рын барлау жұмыстары 1931 жылы бас­талыпты. Ол заманда 319 ұңғы­ма жасалып, 1510 метр арық қазыл­ған. 867 жерасты қазу жұмыстары жү­зеге асқан. 1930-1932 жылдары кол­хоздар құрылады. Олар Алтай, Үш­бұлақ, Қиынбұлақ, Ленин, Төс­қайнат деп аталады. Ұлы Отан со­ғысы жылдарында рудникте әйел­дер, балалар, қарттар еңбек еткен. 1957 жылы рудник таратылып, сов­хоз құрылған. 1967-68 жылдары ауылда мәдениет үйі салынады. Сауда дүкендері рудник кезінде са­лынған екен. 

Маралды ауылдық округінің  жал­пы жер қоры 117 404 гектар,  ауыл шаруашылығы мақсатына ар­­­налған жерлер жалпы ауданы 97 284 гектар, оның ішінде 88 902 гек­тар жайылымдық. Бүгінгі таңда Ма­ралды ауылында 466 тұрғын бар. Ауыл­да 11 жылдық орта мектепте 58 оқу­шы білім алады, 23 мұғалім ең­бек етеді. Сонымен қатар  ауыл­дық медициналық пункт, ауылдық әкімдік ғимараты, пошта бөлімшесі жұмыс істеп тұр. 

– Ауылдың инфрақұрылымына тоқталсаңыз? 

– Күршім ауданы аумағында 489 шақырым жол бар болса, оның 349-ы облыстық маңызы бар, 140 ша­қырымы аудандық маңызы бар жол­дарға жатады.  2024 жылы жал­пы соммасы 2,3 млрд теңгені құ­рай­тын 46,9 шақырым жол жөн­деу­ден өтті. 

Тұрғындардың өмір сүру сапа­сын жақсарту мақсатында 2024 жы­лы Маралды ауылының 7 шақы­рым жолдары мен көшелеріне ор­та­ша жөндеу жүргізілді, воркаут ай­мағы бар шағын футбол алаңы ор­натылды, ауылдық клубтың қас­бе­ті қапталды, көше жарықтандыру тіректері мен тұрғындардың қауіп­сіздігін қамтамасыз ету бойынша ауылға 30 бейнебақылау камерасы ор­натылды. Қараөткел өзені арқы­лы өтетін көпір жөнделді, сондай-ақ Маралды-Үшбұлақ бағытындағы автожолға 315,0 млн теңгеге 21 ша­­­­қырымына ағымдағы жөндеу жүр­гізілді. 40  көше жарығы бағаны ор­натылып, ауыл толықтай көше жа­рығымен қамтамасыз етілді. Ауыл­ға орталықтандырылған су жүйе­лерін тарту жұмыстары да жүр­гізілді. Ал 2025 жылы Маралды ауы­лының Шахтер көшесіне орта­ша жөндеу жүргізілу жоспарланса, орталық саябақты қоршау жұмыс­тары да жоспарланған. 

– Елді мекендегі медициналық және демографиялық ахуал қандай? 

– «Ауылдық денсаулық сақ­тау­ды жаңғырту» жобасы аясында 2023  жылы Маралды ауылында жаңа медициналық пункт бой кө­тер­ді. Ана мен баланы қорғау – Мем­лекет басшысы белгілеген бас­ты басымдықтың бірі. Ауданда ана мен балаға медициналық көмек берудің қолжетімділігі  мен сапа­сын арттыру – басты назарда.  Ана мен бала денсаулығына жіті көңіл бөлініп отырады. Бала туу көрсет­кі­ші ауданда 2023 жылы 300 бала дү­ние есігін ашса, 2024 жылы 240 дү­ниеге келген. 2022 жылы аудан­дық аурухананың перзентхана бө­лім­шесіне күрделі жөндеу жүр­гізіл­ді. Маралды ауылында 2023 жылы бір бала, 2024 жылы 4 бала, 2025 жы­лы 2 бала дүниеге келген. 0-18 жас­қа дейінгі балалар саны – 67.  

– Ауылдағы жаңадан ашылған ал­тын өңдеу кәсіпорны туралы ай­тып берсеңіз…

– 2024 жылдың 28 қараша күні Шы­ғыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Дархан Сапанов ар­найы келіп, аудан жұртшы­лы­ғымен кез­десіп, Маралды ауылындағы ал­тын өңдеу зауытының ресми ашы­луын мәлімдеген болатын. Рес­ми ашылған уақыттан бері зауыт өз жұмысын жалғастырып ке­­­леді. Зауыттың ашылуы, бірін­ші­ден, аудан экономикасына көлемді қар­жы құйса, екіншіден, аудан аза­маттарының жұмыспен қам­тылуын қамтамасыз етеді.  Кәсіп­орында 300 жаңа жұмыс орындары қарастырылған. Бүгінгі таңда ал­тын өңдеу зауытында 155 жұмысшы ең­бек етуде. Оның 51-і аудан аза­мат­тары. Ең бастысы, жұмыспен қам­тылған азаматтар ауылдан қо­ныс аудармай, олардың ауылда тұ­рақтап қалуына көмектеседі. Сон­дай-ақ зауыттың өндірген өні­мі 2024 жылы 20737 тонна болса, биыл­ғы өнім өндіру көлемі 250 мың тонна яғни, 3,2 млн теңгені құрайд­ы деп жоспарланған. 

– Алтын өңдеу зауытына қа­тыс­ты түрлі пікірлер, дау-дамай­лар айтылды. Сіз­дің пікіріңіз қан­дай? 

– 2012 жылы желтоқсан айында Индустрия және жаңа техно­ло­гия­лар министрлігі мен «СПК «Ертіс» АҚ арасында Күршім ауданында ор­наласқан Маралды ауылының «Ма­ралды кен аймағы» және «Ма­ра­ли­хинское» учаскесінде алтын барлау жұмыстарына алты жылға екі келісімшарт жасалған. 2020 жыл­дан бері 14 қоғамдық тыңдау өт­кізілді. Қоғамдық тыңдауда эко­логиялық ахуалға алаңдаушылық білдірген азаматтар пікірі назарға алынды. Азаматтардың ұсыныс­тары бойынша құзырлы мекемелер тек­серу жұмыстарын жүргізді. Зауыт тарапынан заң талаптарын бұ­зу фактілері орын алмады. Бүгін­гі таңда зауыт заң шеберінде  өз жұмысын жалғастырып келеді. 

Өздеріңіз білесіздер, 19 қыр­күйек күні Маралды ауылында 8 бас мал өлімі тіркелген болатын. Осы жағдайға байланысты ма­ман­дардың зерттеу жұмыстарының қо­рытындысы жария етілді. Зерт­теу нәтижелері бойынша сібір жа­расы, пастереллез және эмфизе­ма­тозды карбункул сынды аса қауіпті жұқпалы аурулардың белгілері анық­талмады. Сондай-ақ токси­ко­ло­гиялық тексеруде де улану фак­ті­лерін көрсетпеді. 

– Бірінші кезекте аз ғана уақыт­та өндіріс орны бой көтерді. Яғни, ал­тын өңдеу зауыты іске қосылды. Бұл дегеніміз, жаңа жұмыс орны ашы­лып, инвестиция тартылса, екін­шіден, бюджетке қосымша са­лық та түсіретіні анық. Осы кәсіп­орын­да жергілікті тұрғындардың жұ­мысқа орналасуы қалай шешім тапты? 

– Иә, аудан әкімі ретінде менің ті­ке­лей міндетіме  аудан бюджетіне же­ке кіріс салығын көбейту, ин­вес­тиция тарту  мақсаттары жүктеледі. Осы орайда 2024-2029 жылдарға Күр­шім ауданы әкімдігімен «Maralicha», «Maralicha-Gold» ЖШС жә­не  «ВСАМ Продакшн» ЖШС ара­сында меморандум жасалған. Ме­морандумға сәйкес аталмыш кә­сіпорын әр жылдарда ауылдың да­муына қаражат бөліп отырады. Жал­пы сомасы 2,5 млрд теңге ауыл­дың дамуына құйылады деп жос­парланған. Соған сәйкес 2024 жы­лы 315 млн теңге бөлінсе, 2025 жы­лы 415 млн теңге бөліну жос­парланған. Бүгінгі таңда Күршім ау­данынан 51 азамат аталмыш зауыт­та тұрақты еңбек етсе, оның 25-і Маралды ауылының жергілікті тұрғындары. 

– Ел Президенті биылғы жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп бекітті. Осы тұрғыда Маралды ауылының еңбек адамдары қалай дәріптелуде? 

– Мемлекет басшысының бұл бас­тамасы еңбек адамдарының құн­дылығын арттырып, олардың қоғамға қосқан үлесін жоғары ба­ғалауға бағытталған маңызды қа­дам болып табылады. Осы орайда Маралды ауылында мектепте, әкім­дік пен ауылдық клубта, орман шаруашылығында жемісті еңбек етіп жүрген еңбек азаматтары бар­шылық. Маралды ауылдық округі бал шаруашылығымен көш бастап тұрғанын мақтан тұтамыз. Жыл сайын облыстық, республикалық «Бал жәрмеңкесінде» оза шауып, үздік­тер қатарынан табылатын да осы ауылдың омарташылары. Ал­тын өңдеу зауытымен жасалған ме­морандумда ауыл кәсіпкерлеріне кәсібін жандандыруға меморандум қара­жаты есебінен пайызсыз несие беру де жоспарланған. Бұл да еңбек адам­дарына деген үлкен қолдау бо­лары анық. 

– Маралды ауылының болаша­ғын қалай елестетесіз? 

– Маралды ауылы әсем таби­ға­ты­мен ерекшеленеді. Аудан орта­лы­ғынан  шалғай жатса да жер­гі­лік­ті тұрғындар туған жерлерінде ең­бек етіп, кәсіптерін дөңгелетіп отыр. Бұқ­тырма су қоймасы ар­қы­лы са­лын­ған көпір де ауылдан көш­­кен аза­маттарды, қала мен да­­ланы  қай­та жақындата түсуде. Бо­лашақта отандық туризмнің кө­рік­ті жер­леріне айналады деген де үмітіміз бар. Қасиет қонып, құт да­рыған ауылдың алар асуы асқақ екеніне сенімім зор.  

– Алдағы уақытта өңірдегі Ма­рал­ды сияқты шалғай жатқан ауыл­дар­дың ахуалын жақсарту және көр­кейту жұмыс жоспарымен бөліс­сеңіз? 

– Биыл 400 млн теңгеге іс-ша­ра­ларды іске асыру жоспарланған, оның ішінде жыл басынан бері 227,2 млн теңгеге жобалар іске асы­рыл­­ды. Мысалы, Маралды ауы­лын­­дағы орталық саябақты қоршау жә­не ста­дион­да спорттық снаряд­тар орнату, ауылдық округтегі жал­пы пайдаланымдағы жолдар мен өткелдерді ұйым­дас­тыру және жай­­­­ластыру бойынша жұ­мыстар жүргізілді.  ҰОС аллеясында гранит пли­таларын орнату, су құбыры же­лілерін ағым­да­ғы жөндеу жұмыс­тары атқарыл­ды. 2026 жылы Марал­ды ауылының Уәлиханов көшесінің орталық бө­лігіне қоршау қаша орнату, Уә­ли­ха­нов көшесіне аллея орнату, ауыл­дық округі ғи­маратына жөндеу жұ­­­­мыстарын жүргізу жоспарланып отыр. 

Ауылдарды дамыту – мем­ле­кет­тік саясаттың аса маңызды стра­те­гиялық мақсаттарының бірі. Об­лыс әкімі шалғай ауылдарға жан-жақты көңіл бөліп, халықтың тұрмыс сапасын жақсартуды жіті ба­қылауда ұстайды. Ауы­лда қолға алынған су, жол, жа­рық мәселелері әр жыл сайын ше­шімін табуда. Алдағы уақытта да ме­желі мақсаттар мен жобалар жү­зеге асады. Осы игілікті жұмыс­тар, бі­рін­ші кезекте, облыс әкімінің қол­дауымен жүзеге асып жатқанын ай­та кеткеніміз жөн.

Әңгімелескен А.СҰЛТАН