in

Мақта өндірісі молая түсті

Қазақ даласында «ақ алтын» аталған бұл дақыл ғасырлар бойы халықтың тұрмыс-тіршілігімен тығыз байланысып, экономиканың өзегіне айналған. Бүгінде Түркістан облысы Қазақстандағы жалғыз мақта өсіретін өңір ретінде елдің жеңіл өнеркәсібі мен экспорттық әлеуетін арттыруда шешуші рөл атқарып отыр. Отырар, Мақтаарал, Жетісай ауданының кең даласында жыл сайын 100 мыңдаған гектар жерге мақта егілуде. Бұл – мыңдаған отбасының табыс көзі, ауылдың әлеуметтік өмірінің тірегі.

Түркістан облысының Отырар ау­да­нында Жер-ананың жомарт сыйы мен адам еңбегінің бірлігін паш ете­тін, маңдай тер мен табанды еңбектің қадірін ұлықтайтын ерекше мереке өтті. Дүниежүзілік мақта күніне орай  ұйым­дастырылған AQ-DALA мақташылар фес­тивалі Қарақоңыр ауылдық окру­гін­дегі «Түркістан мақта агроөренкісәп ке­ше­ні» ЖШС базасында өтті.

Жалпы, оңтүстік өңірде ақ алтын не­гізінен Мақтаарал және Жетісай ау­да­нын­да өсіріледі. Алайда былтырдан бері Оты­рар ауданына ерекше агротехнология не­гізінде мақта өсіру ісі жолға қойылды. Шет­елдік инвесторлар мен отырарлық ди­қандардың бірлескен еңбегінің арқа­сын­да 32 мың гектар жерге заманауи тех­нологиялар арқылы мақта егілді. Бұл әдіс дәстүрлі тәсілден түбегейлі ерек­ше­ле­­­неді. Мәселен, су үнемдеу жүйесі ар­қылы бұрынғыдай суды ысырап етпей, 50%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік берілді. Ал тамшылатып суару мен тыңайтқышты дәл мөлшермен беру әдісі өсімдіктің та­мы­рын нығайтып, өнім сапасын арт­тыр­ды. Осы тәсіл арқылы диқандар 1 гектар жер­ден бұрынғы 25 центнердің орнына 60 центнерге дейін өнім алуда. Әр гектар­дан 2 миллион теңгеге жуық табыс көреді.

AQ-DALA мақташылар фестивалінің де Отырар ауданындағы өтуінің себебі осын­да. Мақта шаруашылығының өңір­дегі даму тарихын, жетістіктері мен жаңа­лық­тарын дәріптеп, жаңа технологияның қолданысын кеңейтуді мақсат етеді. Фес­тиваль аясында егіс алқабына экскур­сия жасалып, ауыл шаруашылығы және мақта шаруашылығына арналған техника көрмесі ұйымдастырылды, жаңа агротех­нологиялар таныстырылымы өтті. Шаруа­­лар тәжірибе алмасты. Жұмысшы ма­­мандықтар жылы аясында еңбегімен елге танылған, адал маңдай терімен абы­рой жинаған шаруалар құрметке бөленіп, үздік мақта шаруашылықтарының жұмы­сы көпке үлгі ретінде аталды.

Мерекелік іс-шараға Түркістан облы­сының әкімі Нұралхан Көшеров, облыс әкі­мінің орынбасары Нұрбол Тұраш­бе­ков, өңірдегі мәслихат депутаттары және са­лалық басқарма басшылары мен мақта шаруашылығына бейімделген аудан бас­шылары, селекционер ғалымдар, аг­ро­ном­дар, мақта агроөнеркәсіп кешенін да­мытуға үлес қосып жатқан инвесторлар, кәсіпкерлер, мақта өңдеу зауыттарының же­текшілері, озат мақта шаруашылық­тар­дың өкілдері, ауыл еңбеккерлері қа­тыс­ты.

Фестивальда сөз алған облыс бас­шы­сы Нұралхан Оралбайұлы мақ­та өңірі­міз­дің басты дақылы екенін айтты. Тоқыма өнеркәсібінің негізгі ши­кізаты ғана емес, мың­даған отбасының тұр­мысын түзеп, ауыл­дың әлеуетін кө­теріп отырған бере­келі өнім екенін жет­кізді. 

«Біз мақтаны тек шикізат күйінде  емес, дайын өнімге айналдырып, өзіміз­дің тоқыма өнеркәсібімізді дамыту бағы­тында жұмыс істеудеміз. Осы бағытта өңірі­мізде 5 мақта-тоқыма кластерін құру жұмыстары жүргізілуде. Жобалардың өң­деу қуаттылығы жылына 193 мың тон­наны құрайды. Нәтижесінде, 7 мыңнан астам жұмыс орны ашылады. Бүгін мақта тоқыма кластері бойынша алғашқы жо­баның нақты жүзеге асырылуының куәсі болып отырмыз. Инвестициялық жоба­ның негізінде Отырар ауданы мен Арыс қа­ласында 32 мың гектарға жаңа тех­но­логиямен мақта дақылы егілді. Жобаның негізгі мақсаты – су үнемдеу техноло­гия­сын енгізу нәтижесінде тұтынылатын су көлемін  50 пайызға үнемдеу арқылы өнім­ділікті 2-3 есеге арттыру. Қазіргі жаһан­дық су тапшылығы жағдайында бұл өте маңызды әрі дұрыс шешім», – деді өңір басшысы.

Ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру міндеті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жол­дауының маңызды бағыты болып саналады. Агроөнеркәсіптің әлеуетін арттыруға бағытталған озық агроэко­но­микаға көшудің жоспары қабылданатын болады. Үздік агрокәсіпорындар ауыл шаруашылығы өнімін шығарудан бастап, оны терең өңдеуге дейін тұтас өндірісті толығымен жолға қойғаны айтылып, осындай агрохолдингтердің тәжірибесін та­рату үшін барынша жағдай жасау мін­деттелді.

«Түркістан – мақта агроөнеркәсіптік кешені» – осы мазмұндағы негізгі агро­кәсіп­орын саналады. Мұнда мақтаны терең өңдеп, дайын өнімді экспортқа шы­ғаратын көпсалалы холднигтің негізі қа­ланған. Шетелдік инвесторлардың қа­тысуымен жүзеге асып жатқан бұл жоба мақ­та шаруашылығын мүлде жаңа дең­гейге шығарды. Толық циклді өндіріс орны мақтаның элиталық сұрыптарын бап­тап-өсіріп, мақта талшығын терең өң­дейтін, жіп иіретін, мата шығаратын, бояп, өңдейтін цехтарды біріктіріп, мақ­та-тоқыма кластерінің біртұтас жүйесін құрайтын болады.

Кешен «Түркістан» ӘКК» АҚ-мен бірлесе 32 мың гектарға жаңа технология­мен мақта өсіру жобасын іске асырып отыр. Мұнда заманауи су үнемдеу тех­ноло­гияларын қолдана отырып, жоғары стандартты шикізат базасын қалыптас­тыру қолға алынды. Кешенде соңғы үл­гідегі мақта өңдеу зауыттары, тамшы­ла­тып суару тоспаларын шығаратын өндіріс орны және басқа да инфрақұрылымдық ны­сандар салынуда. Кәсіпорында сон­дай-ақ әкімшілік ғимарат, шаруа­шы­лық базасы, сорғы стансалары жұмыс жүргі­зетін болады. Жоба аясында қуаттылығы жы­лына 160 мың тонналық заманауи мақ­та өңдеу зауытын іске қосу, сондай-ақ 6 мың тонна мақта тұқымын шығаратын өндірістік желісін құру көзделген. Оның ішінде, биыл 2 зауыт іске қосылса, келесі жы­лы тағы 2 зауытты ашу жоспарланып отыр. Фестивальға қатысушылар мақта ал­қабына түсіп, ақ алтынды теру нау­қа­ны­­на қатысты.

Биыл Түркістан облысының шаруа­лары 144,5 мың гектарға мақ­та дақылын екті. Диқандарымыз жал­пы 470 мың тонна шитті мақта жинайды деген жоспар бар. Өнімділікті арттыруда жаңа шетелдік озық технологияларды ен­гізуге басымдық беріліп отыр. Былтыр мақ­таның дәстүрлі егіс көлемі 105,2 мың гек­тар болып, озық технология әдісі қол­данылған егістің көлемі небәрі 1,2 мың гек­тарға жеткен болатын. Биыл озық тех­нологиялы егіс әдісі 50 мың гектарға дейін ұлғайды. Қазір Түркістан облысы бойын­ша 25 мақта зауыты, 175 мақта қа­былдау бекеті шаруаларға қызмет көр­се­теді.

Бұл мереке еңбек адамына деген құр­метті білдіріп, ауыл тіршілігінің қадірін айшықтайтын, ел қазынасын толтырған бар­лық шаруаға алғыс жауған күн болды. За­манауи технология мен еңбектің то­ғысуы Түркістанды  Қазақстанның ғана емес, Орталық Азияның мақта орталы­ғына айналдыруда.

Назгүл НАЗАРБЕК,

Түркістан облысы