in

«Машақаты көп екен…»: Қайрат Нұртастың әйелі бірінші рет декретке шықты

Актриса, продюсер Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram парақшасында оқырмандарына қуанышты жаңалығын бөлісті, – деп жазды Aikyn.kz. 

Бесінші сәбиін күтіп жүрген ол бірінші рет декретке шыққанын айтты. Өнер иесі құжат рәсімдеу күрделі процесс екенін жасырмады.

“Бүгіннен бастап ресми декретке шықтым. Қызық сезім деймін де. Алдымен өзіңді жұмысқа тіркейсің, содан кейін өзіңе ай сайынғы жалақыны өтейсің, бұған қоса әлеуметтік пакет пен салық тағы бар, бұл енді үйреншікті жайт. Ал жүктілік кезінде “уақытша жұмысқа жарамсыз” деген бір жапырақ қағазды алғаш рет қолыма алып тұрмын. Машақаты көп екен. Сан түрлі құжаттар талап етіледі және оларды лупамен қарап шығады, сосын сұрақтың астына алады, бірнеше мекемеге жүгіртеді. Қысқасы, сол декретті алу үшін де дәлелдеп жүресің”, – деп жазды ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.