Қазақстан құрамасы жеңіл атлетикадан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында өнер көрсетуді бастады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Мария Ефремова үш қарғып секіруден финалда бақ сынады. Отандасымыз өзінің үздік мүмкіндігінде 13.34 м нәтижесін көрсетті. Осылайша ол жетінші орынға тұрақтады.
Шарифа Давронова (Өзбекстан) жарыс жеңімпазы атанды – 14.35 м. Қытайлық Хуан Инъин екінші орын алды – 14.12 м. Оның отандасы Ли И үздік үштікті түйіндеді – 13.83 м.