in

Мансұр Бейсембай Азия чемпионатының кезекті жүлдесін алды

Әл-Қассим қаласында (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан тас жолдағы велоспорттан сары құрлықтың додасында қоржынымыз кезекті жүлдемен толықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бүгін U23 санатындағы ерлер 122,5 шақырымды құрайтын топтық бәсекеде сынға түсті. Нәтижесінде Мансұр Бейсембай мәреге екінші болып жетіп, күміс медальді мойынына тақты.  Айта кетейік, Мансұр Бейсембай бұған дейін жеке сайыста чемпион атанып, командалық бәсекеде күміс жүлдені еншілеген еді.  Азия чемпионаты 12 ақпанда мәресіне жетеді. Биылғы додада Азия құрлығының 22 елінен 621 спортшы жүлдеге таласып жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.