Әнші Мадина Сәдуақасова тойда тілек айтып, сынға қалды, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол Сәкен Майғазиевтің тойында әріптесімен құда болғысы келетінін жасырмаған.
“Бүгінгі тойға Олжас екеуміз ғана емес, ұлым Әнуарды да арнайы ертіп келдім. Өйткені сіздерде қыз бар, бізде ұл бар дегендей… Біз жай ғана емес, үлкен “намекпен” келіп отырмыз. Бұйырса, осы шаңырақта тағы да той болсын”, – деді Мадина Сәдуақасова.
Желі қолданушылары әншінің сөзін сынға алды.
«Үлкен адамдардың арасына бала ертіп келгені несі?!», «Сәкенмен болашақта құда болуға «намек» тастап кеткені ше, дәмесінің зорын-ай», – деп жазды оқырмандар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.