Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы әйелі, продюсер Мөлдір Мұқанова киносын сынағандарға жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол фильмде орындаған әні хит болғанын атап өтті.
«Сөз құдіреті дегенге тағы да таңғалып отырмын, достар. Кімге не тілейсіз және қандай ниетте айтасыз сол өз басыңызға оралады екен. Мына шығарып жатқан киноны ел болып талқылап жатыр. Жақсы айтып жатқандардың саны көп. Бір-екі негатив айтқандардың сөзіне еріп жатқандар да бар. Тіпті киноны өз көзімен көрмесе де. Сондықтан айтылып жатқан әннің өзі де хит болып жатыр. Ол да тұнып тұрған бақ. Бұл кинода айтылып жатқан әндерім де, жасап жатқан әрекеттерім де бақ болып басыма қонып жатыр. Баққа ешкім таласа алмайды. Ол жоғарыдан келген. Сондықтан сол келген бағымды көре алмай жатқандар ғой сөйлеп жатқандар. Бәріңізге рақмет», – дейді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Show-бизнестегі ең қызықты жаңалықтар (@zhuldyzdy_news)
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.