Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында әйелдер арасында 200 метрге шалқалай жүзуден іріктеу өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл бағдарламада Қазақстан намысын Ксения Игнатова қорғады. Ол іріктеуде 7-нәтиже көрсетіп, финалға жолдама алды.
200 метрге шалқалай жүзуден финал бүгін өтеді.
Жалпы, XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан Ұлттық құрамасының сапында 558 спортшы қатысып жатыр. Олар жарыс бағдарламасындағы 35 спорт түрінен жүлдеге таласады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.