in

Иран АҚШ шабуыл жасаса, олар америкалық әскери базаларға соққы беретінін мәлімдеді

Иран АҚШ шабуыл жасаса, Таяу Шығыстағы америкалық әскери базаларға соққы беретінін мәлімдеді. Бұл туралы Иранның сыртқы істер министрі Аббас Аракчи катарлық Al Jazeera арнасына берген сұхбатында айтты 

Аракчидің айтуынша, соққылар АҚШ базаларына бағытталады және олар орналасқан елдерге қарсы әрекет ретінде қарастырылмайды.

Иран мен АҚШ ядролық мәселе бойынша жанама келіссөздерді жалғастыруға дайын, бірақ Тегеран келіссөздер тек ядролық бағдарлама аясында өтетінін, басқа талаптарды талқыламайтынын атап өтті.

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қысым көрсетіп, әскери соққымен қорқытқан. Иран ядролық қару жасау ниетін жоққа шығарады.