Израиль мен ХАМАС өкілдері екі жылға созылған қақтығысты тоқтату жөніндегі АҚШ президенті Дональд Трамптың 20 тармақтан тұратын бейбіт жоспарын талқылау үшін келіссөздерге дайындалуда, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, келіссөздерде Израиль тұтқындары мен палестиналық тұтқындарды босату мерзімі мен тізімі басты тақырып болмақ. Ал тұтқындар алмасу келісімге қол қойылған соң бірден жүзеге асырылады. ХАМАС-тың қарусыздануы кейінгі кезеңде қарастырылмақ.
Египет тараптар арасындағы негізгі делдал ретінде екі делегацияны да қабылдайтынын мәлімдеді. Израиль делегациясын стратегиялық мәселелер жөніндегі министр Рон Дермер басқарады, ал ХАМАС атынан Гази Хамад, Усама Хамдан және Мухаммед Дарвиш қатыспақ.